Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда халық көп шоғырланған орындар лаңкестік шабуылдың алдын аулаға қауқарсыз

Қаладағы 500-ге жуық нысанды тексерген құзырлы орындар оның тек 48-і ғана қауіпсіздік талаптарына сай екенін анықтаған. Бұл жайлы КТК хабарлады.

3ZF83o7vANX2Mizf9b4CpcQbE60hqC

Кәсіпкерлердің басым бөлігі лаңкестіктің алдын алуға қатысты әрекет жасамайтын көрінеді. Көпшілігінің қарапайым дабыл қаққыштары мен бенебақылау камералары істен шыққан. Пайданы қуып, халықтың қауіпсіздігін екінші орынға қойған 13 нысанның басшысына 7 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.

Жақын уақытта жағдайды қалыпқа келтірмесе қалған нысан басшыларына да жаза қолданылмақ. Жазда сойқан болған Ақтөбе өңірінде де жағдай мәз емес. Ол жерде де лаңкестік шабуылдың алдын алуға немқұрайлы қараған 13 нысанның басшысы әкімшілік жазаға тартылды.

“Бұл біріншіден азаматтардың өмірлері мен денсаулықтарының қауіпсіздігін сақтау мақсатында жүргізіліп жатқан шара. Екіншіден барлық мекеме басшылары бірінші кезекте сақтық шараларын таныту керек. Соларды қайта қайта естеріне салып отыруыз керек”, – деді Алматы қаласы ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Оқи отырыңыз:

Ақтауда қалыңдық көйлегін киген 37 ару шеруге шықты

Қызылорда тұрғыны өзін “Қайсар” футбол клубының капитаны соққыға жықты деп жәбірленді

Қазақстандық жезөкшелер ЭКСПО кезінде қызмет көрсетіп ақша таппақ

Астанада 2500 адам тіркелген пәтер табылды

Талқылау