Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда салық төлеуге келген келіншекті кезекте тұрған жігіт тонап кетті

Алматылық кәсіпкер тура аудандық мемлекеттік кіріс басқармасының ішінде ақшасынан қағылды,-деп хабарлайды ктк арнасы.

Ұрыыы

Дәл сол күні электрондық кезек істемей, жұрт кассаның алдына жиналып қалған екен. Сол сәтті ұтымды пайдаланған сұғанақ құжатпен басы қатып тұрған азаматтардың қалтасын, сөмкелерін түгендеп шығыпты.

Бақылау камерасына түсіп қалған мына кадрларда оның бастапқыда қара күртеше киген жігітке жақындап, бір қолын ақ қағазбен жауып тұрғаны анық көрінеді. Кейін бері жылжып, тура сондай әдіс арқылы ақшаға толы әмианды алып кеткен. Кәсіпкер келіншек 300 мың теңгесімен қоса, құжаттарынан да айырылып жер сипап қалды. Ал ұрының түрі анық көрініп тұрса да, полиция әлі ұстай алар емес.

« Мен келген уақытта адам өте көп болды. Электронды кезек жұмыс істеп тұрған жоқ. Әр терезенің алдында 3-4 адамнан болды. Электронды кілтімнің мерзімі өтіп кетіпті. Сол 6-терезеден барып, кілтін алуға келген уақытта менің қалтамда салықты төлеуге арналған 300 мың ақшам мен әмиянды алып кеткенін байқадым»,-дейді жәбірленуші Гүлназ Дәулетова

Талқылау