Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда кеміргіштерді улауға 86 млн теңге бөлінді

Алматы қаласы әкімдігі кеміргіштерді улауға 86 млн теңге бөлді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бөлінген қаржы кеміргіштерден тарайтын жұқпалы аурулардың алдын алуға бағытталмақ. Дератизация жұмыстары көбіне Алатау ауданында орналасқан ғимараттарда жүргізілетін болды.

“Кеміргіштер иерсиниоз, листериоз, туберкулез тағы басқа ауруларды таратады. Аурудың жылдам таралуы тікелей кеміргіштер санымен байланысты. Олардың саны көп болған сайын, ауру тарату көрсеткіші де жоғары болады. Кеміргіштер көбінесе азық-түлік кәсіпорындарына шығып әкеледі”, – дейді қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті.

Қызметкерлер кеміргіштерді жоюға арналған химикаттарды саябақ аймақтарында, жекеменшік үйлердің маңында және көппәтерлі үйлердің жертөлелерінде шашатын болады. Жыл сайын Алматы қаласында 47 га аумақты қамтитын дератизация шаралары жүргізіледі.


Жіберіп алмаңыз:

Ресейде жол көлік апатына түскен қазақстандықтар автобуста тұрып жатыр (фото)

Дәрігерлер басына 2 оқ қадалған көкшетаулықты аман алып қалды (фото)

Оралда саунаның төбесіне шығып ойран салған қызды арқанмен байлап түсірді

Талқылау