Алматыда Қазақстанның халық әртісі, әнші Бекен Жылысбаев дүние салды

Сәрсенбі, 23 Желтоқсан , 2015 15:11

Алматыда 93 жасына қараған шағында Қазақстанның халық әртісі, әнші, педагог-ұстаз, Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының профессоры Бекен Жылысбаев өмірден озды

20151223132816

Бұл туралы inform.kz  хабарлады.

Марқұмды ақтық сапарға шығарып салу рәсімі ертең 24-ші желтоқсан күні Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясында өтеді.

Бекен Жылысбаев 1923 жылы 9-шы мамырда Шығыс Қазақстан облысының Шұбартау ауданындағы Бірбет ауылында туған. 1940-1941 жылдары Мәскеудегі П. Чайковский атындағы консерваторияның ән факультетінің дайындық курсының бірінші жылын аяқтағанда Ұлы Отан соғысы басталып, 1942 – 1944 жылдар аралығында соғысқа қатысады.

1946 жылдан бастап, Қазақ радиосында әнші болып жұмыс істей жүріп, 1951 жылы Алматы консерваториясын (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) бітіреді. Өзі оқыған консерваториясында дәріс береді. 1957 жылдан консерваториядағы ән факультетінің кафедра меңгерушісі болып, 1973 жылы педагогтар арасында тұңғыш профессор атанған.

Жылысбаев –  қазақ халық әндерін, орыс классиктері мен шет ел композиторларының ән-романстарын шебер орындаушылардың бірі болған. М. Төлебаевтың «Тос мені, тос» (өлеңі А. Лекеровтікі), «Кестелі орамал» (өлеңі Н. Баймұхамедовтікі), Абай өлеңіне жазылған «Мен көрдім ұзын қайың құлағанын» романстарын, «Қазақстан оттары» (өлеңі Н. Шәкеновтікі) кантатасын, тағы басқа әндерді алғаш орындап, өзінің жоғары кәсіби білімін, дауыс диапозонының кеңдігін танытты.

Атақты әнші КСРО-ның «Ленин», 1-2-ші дәрежелі «Ұлы Отан соғысы» және «Еңбек Даңқы», «Құрмет белгісі», Қазақстан Республикасының «Отан» ордендерімен марапатталған.

1970-ші жылдары Қазақстанның халық артисі атағына ие болды.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
18.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар