Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда Қазақстанның ең үздік балалар жазушысын атады

Алматыда балалар жазушылары арасындағы халықаралық «Дарабоз» байқауының жеңімпаздары анықталды.

859659_1397569275

Сурет: old.muftyat.kz 

Байқауды «Бауыржан» қайырымдылық қоры мен Жазушылар кеңесі ұйымдастырды.

Байқаудың бас жүлдесін Салықбай Әбілдабек иеленіп, ол 1 миллион тенгемен марапатталды. 1-орын Нұрбек Нұржанға бұйырып, ол 700 мың теңгені олжалады. 500 мың теңгелік сыйақымен 2-орынды Ақылбек Шаяхмет алды. Маркиза Базарбайқызы 3-орынды иеленіп, 300 мың теңгемен марапатталды.

Сондай-ақ, әділқазылар қатысушы Қастей Баянбайұлын «Балалар әдебиетін дамытуға қосқан үлесі үшін» атты арнайы премиямен марапаттады.

Жалпы сыйақы мөлшері 2 750 000 теңгені құрады.

Талқылау