Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Қазақстан» қонақ үйінде өрт шықты

Алматыда «Қазақстан» қонақ үйінде өрт шықты. Төтенше жағдайға байланысты 468 адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды Қазақпарат.

pozhar2605

Қалалық ТЖД баспасөз хатшысы Сандуғаш Баймұхамбетованың айтуынша, өрт 6 қабаттағы нөмірлердің бірінде пайда болған.

Бұл туралы хабарлама 8:03-те түскен. Оқиға орнына 4 минутта жеткен өрт сөндірушілердің айтуынша, теледидар мен оның астындағы үстел өртенген.

Төтенше жағдайға байланысты 468 адам қауіпсіз жерге шығарылды.

Тілсіз жау 8:24-те ауыздықталып, өшірілді. Қазір өрттің шығу себептері анықталып жатыр

Талқылау