Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда қазақ үй түріндегі баспаналардың құрылысы басталды (фото)

Әлемде қазақ үй түріндегі күмбезді үйлер күн санап бой көтеріп келеді. Бұл технология батыс елдерінен бастау алды. Дөңгелек үйлерді салу шаршы үйлерді салғаннан әлдеқайда арзанға түсетін көрінеді. Оның үстіне үй ішіне жиһаздарды қою да қиындық тудырмайды.

60c836815d854a94b26753caea23f37b

Бұл туралы express-k.kz хабарлайды.

Сондай-ақ, мұндай үйлерде жылу да үнемді пайдаланылады.

1a1e260b95f1eed021c13f9d4b75baa8

Күмбез үйлерге қымбат іргетастың да қажеті жоқ. Мұндай үйлер ағаш қаңқалармен тұрғызылады. Төменгі жағы темір қазықтармен тартылады. Үйдің қабырғаларына жылылықты ұстап тұру үшін арнайы көбіктер қолданады.

OLYMPUS DIGITAL CAMERA

 

Осындай күмбезді үйлердің бірі Алматыда да салына бастады. Үйдің аумағы 38 шаршы метрді құрайды. Үйдің құрылысы бірнеше айда аяқталуы тиіс. Коттедж сатып алушылар үшін 4,2 миллион теңгеге бағаланады.

7b4b040dbe23db23bc5f2c91b59c0769

Алайда, 3,6 миллион теңгеге құрылыс заттарын сатып алып, үйді 150 шаршы метр жерге өзіңіз салғанының әлдеқайда тиімді болмақ.

944ecfae2deba32309c7fb28b31f342b

Талқылау