Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда қаза болған ұшқыш тікұшақ апатына 3 минут қалғанда байланысқа шыққан

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің әуе апатын тергеу басқармасының басшысы Нұрлан Жұмасұлтанов апатқа ұшыраған Eurocopter 130 тікұшағының құлауына байланысты брифинг өткізді.

Фото : kris_p_brothers

“Пилот әуежайдан Боралдайға Үлкен Алматы өзені аумағына бағыт алады. Бұл жер апат болған жерден 10 шақырым қашықтықты. Пилот жолаушылар үшін сонда ұшқан болуы мүмкін. Пилоттан өзге кабинада ешкім болған жоқ. Қазір құжаттарды қарап, тікұшақты тексеріп жатырмыз. Техинкалық жағдайы мен ауа райын анықтап жатырмыз”, – дейді Жұмасұлтанов.

Айтуынша, объективті бақылау қолға алынды. Түзетулер енгізіліп, жазылады. Ол ұзақ уақытты қажет етпейді. Бірақ біршама процедуралар бар.

“Тікұшақтың  бір бөлігі өндірушіге беріледі. Қозғалтқыштың жұмысы, негізгі қызметі жөнінде ақпарат көп. Бак толы болған. Тікұшақ ұшуға жіберілген. Пилот өте тәжірибелі маман болды. Ол барлығы тәжірибедегі ұшқан уақыты – 4 мың сағат ұшқан. Ол 1968 жылы туған азамат. 50 жылдың 25-30 жылын ол ұшумен өткізген”, – дейді Жұмасұлтанов.

Айтуынша, пилот соңғы рет 16:05-де байланысқа шықты. Әзірге оның не айтқаны мәлім емес.

“Ұшқанда белгілі бір шектеулер болады. Кеше сондай шектеулер болды ма, жоқ па анықтаймыз. Кеше бұйрық беріліп, тексеру бүгін басталды. Кеш батып, жарық жоқтықтан және барлығы суықтан қатып қалғандықтан кеше түнде оқиға орнына тексеру жүргізу мүмкін болмады”, – дейді спикер.

Айта кетсек, бүгін, 17 қаңтарда Алматыдағы Таусамалы ықшамауданында тікұшақ құлап, ұшқыш мерт болды. Ұшақты 50 жастағы Валентин Шитов басқарған. Ол өте тәжірибелі ұшқыш болған екен.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр