Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда Kaspi Bank-ті тонамақ болды

Алматыда Төле би мен Әуезов көшелерінің қиылысындағы «Kaspi Bank» ғимаратының ішінде және сыртында полиция қызметкерлері жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды «ҚазАқпарат»  тілшісі оқиға орнынан.

каспий-банк

Жедел жәрдем көлігінде банктің әйел қызметкеріне медицина қызметкерлері көмек көрсетуде.

Куәгерлердің айтуынша, белгісіз біреулер Kaspi Bank-ті тонауға әрекеттенген.

Банктің баспасөз қызметі оқиғаның анық-қанығын кейінірек хабарлауға уәде берді. Ал, қалалық ІІД-нің баспасөз қызметіне хабарласу әзірге мүмкін болмады.

 

Талқылау