Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда қаржы қиындығынан зират қорымы саудаға түспек

Қаржы қиындығынан қорымдар да саудаға түспек. Алматыда молалардың тазалығы мен басқа да шаруашылығына қаражат жетпегендіктен, қала билігі оларды жекеменшікке сатқалы жатыр, – деп хабарлайды КТК арнасының сайты.

39-024

Сурет: kz.otyrar.kz 

Енді діни жоралғылар мен жерлеу рәсімдерін жеке кәсіпкерлер жүргізетін болады.

Қала аумағында бүгінде 69 қорым болса, соның 34-нің аумағы толып, жабылып қалған. Олардың барлығын тазалықта ұстап, көгалдандыру жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ, қызметкерлерге жалақы төлеу үшін қала бюджетінен жыл сайын 67 миллион теңгедей қаржы бөлініп келеді.

Бұл шаруашылықтың бәрін салттық қызметтер көрсететін арнаулы коммуналдық кәсіпорын жүргізеді. Енді сол мекеменің 51 пайыз акциясы жекеменшікке сатылатын болып шешім қабылданды. Дағдарыс қыспағынан бюджетті үнемдеуге көшкен қала билігі осындай қадамға барып отыр.

“Тендерге шығару үшін мекеменің жай-күйі жайлы бейнематериал дайындап қойдық. Бұдан былай, мемлекет пен жекеменшік әріптестігі ретінде жұмыс істейтін боламыз. Акцияның 51 пайызы бір немесе бірнеше меншік иесіне сатылуы мүмкін. Дегенмен, ондағы көрсетілетін қызмет түрлері өзгермейтілмейді”, – дейді «Салттық қызметтер арнаулы комбинаты» ЖШС директорының орынбасары Марат Ысмайылов.

Талқылау