Бірер уақыт бұрын қаладағы Абай көшесінің бойымен қарулы адамның емін-еркін жүрген видеосы жарияланған еді.
Бұған дейін хабарланғандай белгісіз ер адам Николь базарында атыс жасаған еді. Атыстан полицейлер ауыр жараланғанын хабарлаған едік. Алматының бірнеше аудандарында атыс дауыстары естілгенін де хабарлаған болатынбыз. Алматыдағы атыстан жараланғандар лек-легімен ауруханаға түсіп жатыр. Алматыдағы террорға қарсы операция:қалалықтардың үйлерінен шықпаулары қатаң ескертілді.
Сондай-ақ, тәртіп сақшыларына оқ атқан күдіктінің бірі қолға түскен болатын.