Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда қарулы адамның көлікті басып алмақшы болған бейнежазбасы пайда болды (видео)

Әлеуметтік желіде қаруланған ер адамның қалай көлікті басып алмақшы болған жазбасы жарияланды. Ол көліктің бейнетіркегішіне түсіп қалған.

777

Бейнематериал бойынша, оқиға ҰҚК департаментіне жақын маңда болған. Рөлде қыз болған. Терроршы көліктің алдына атып шығып, қару кезенген кезде, рөлдегі қыз тоқтамастан өте шыққан.

Бірер уақыт бұрын қаладағы Абай көшесінің бойымен қарулы адамның емін-еркін жүрген видеосы жарияланған еді.

Бұған дейін хабарланғандай белгісіз ер адам Николь базарында атыс жасаған еді. Атыстан полицейлер ауыр жараланғанын хабарлаған едік. Алматының бірнеше аудандарында атыс дауыстары естілгенін де хабарлаған болатынбыз. Алматыдағы атыстан жараланғандар лек-легімен ауруханаға түсіп жатыр. Алматыдағы террорға қарсы операция:қалалықтардың үйлерінен шықпаулары қатаң ескертілді.

Сондай-ақ, тәртіп сақшыларына оқ атқан күдіктінің бірі қолға түскен болатын.

Талқылау