Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда қарт кісі автобус аялдамасын паналап жүр

Алматыда ер адам  автобус аялдамасын паналап жүр. Ол өзін Вячеслав Дубовицки деп таныстырды. Бұл туралы КТК телеарнасы жазды.

епеп

Ол осында үш айдан бері жүр екен. Өз туыстарын іздейді. Оны белгісіз біреулер ұрып кеткеннен кейін, есте сақтау қабілетін жоғалтып алғанын айтады. Тек жиендері бар екенін ғана біледі, алайда олардың қайда тұратынан хабарсыз.

Аялдаманы баспана еткен ол, қайырымды жандар берген азын-аулақ тамақты ғана азық етеді.

“Мені ұрып, қолымды сындырып кетті. Негізінен жұмыс істейтін оң қолымды сындырды. Неге өлтірмей кеткенін білмеймін. Осылай мені бақытсыз қылып қоюды көздесе керек”, – дейді ол.

Оның айтуынша, ол бұрын алтын қолды адам болыпты. Бұрын керемет сурет салатын болған. Сондай-ақ, пеш жағушы болып та жұмыс істеген.

“Менен асқан пеш жағушы жоқ. Мұны мен бар Қазақстанға айтып мақтана аламын. Небәрі бір шелек көмір салып, қызуын таңға дейін жеткізетінмін”, – дейді Вячеслав Дубовицкий.

Ол тек жасы 71-де екенін, бұрны Қарағанды облысындағы Осакаровка ауылында тұрғанын біледі. Барлық құжаттарын ұрлап кетіпті. Ал Алматылық Бибігүл есімді әйел болса, қарт кісіге көмектесіп жүр.

“Оның үй-күйсіз жүргенін, көшеге қуып жібергенін біліп, көмектесемін. Қолымнан келгенше тамақ беріп тұрамын”, – дейді әйел.

Ал атай болса, бір күндері ізінен туыстары келер деп үміттенеді.

Талқылау