Алматыда қарсы жолға шыққан көліктің кесірінен әйел адам мен сәбиі зардап шекті
Алматы маңындағы Алғабас ауылында кептелістен тез өтіп кету үшін қарсы бетке шыққан жеңіл көлік жол апатына ұшырады.
Бұл туралы Sputnik хабарлайды.
Жол апаты Ақсай көшесі бойында Рысқұлов даңғылынан жоғары қарай болған. Куәгерлердің айтуынша, DAEWOO Nexia мен Toyota Camry солтүстік бағытта келе жатады, ал Toyota Corolla Ақсай көшесі бойымен оңтүстік бағытта жүрген. Corolla жүргізушісі кептелістен тез өтіп кеткісі келіп, қарсы беттік қозғалыс жолағына шығады да, бар жылдамдықпен Nexia көлігіне соғылады.
Аялдап қалған DAEWOO көлігін Toyota Camry 40 көлігі артқы жағынан қағады. Соның салдарынан Toyota Camry көлігінде болған әйел адам мен он айлық сәби зардап шегіп, ауруханаға жатқызылды. Полиция болған оқиғаны анықтауда.
Тағы да оқыңыз:
Қостанай тұрғынының арзан бағамен алған көлігі ұрланған болып шықты
Министр: Екпе салынбаған балаларды мектеп пен балабақшаға қабылдамау туралы тыйым жоқ
Маңғыстау облысында жалғызбасты ана төрт баласымен бірге мешіттен тамақтануға мәжбүр