Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда қаңтардан бастап Әл-Фараби, Сайын, Шығыс айналма жолында жылдамдықты азайтады

2019 жылдың 15 қаңтарынан бастап Алматы қаласындағы Әл-Фараби, Сайын, Шығыс айналма жолында көлік жылдамдығын азайтады. Жылдамдық 80 км/сағаттан 60 км/сағатқа дейін төмендетіледі, деп жазады Stan.kz.

Алматыда қаңтардан бастап Әл-Фараби, Сайын, Шығыс айналма жолында жылдамдықты азайтады

Қалалық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, Нью-Йорк, Лондон секілді ірі қалалардың жол ережесін тәжірибесіне сүйене отырып осындай өзгеріс енгізілді.

Алматы қалалық ІІД-нің ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, биыл қалада 4 мың жол апаты тіркелді. Оның көпшілігі 60-80 км/сағат жылдамдықпен жүретін осы көшелерде болған.

“Сарапшылардың бірнеше зерттеуі мен әлемдік тәжірибеге сәйкес, жылдамдықты азайту жол апатының алдын алатын бірден бір жол”, – дейді Салтанат Әзірбек.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының статистикасы бойынша, жылдамдықты 5 пайызға көбейту жол апатын 10 пайызға арттырады. Адам өлімі болатын жол апатын 20 пайызға көбейтеді.

ІІД мәліметінше, Әл-Фараби көшесінде жылдамдықты азайту тек 2 минут қана жолды қысқартады.

“Егер 2 минутта бір адамның өмірін құтқаруға болса, онда жылдамдықты азайтқан дұрыс шешім”, – деді Салтанат Әзірбек.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау