Алматыда қала орталығына көлікпен кіру ақылы болмақшы

Бейсенбі, 4 Тамыз , 2016 18:07

Алматыда автокөлік жүргізушілері үшін кіші көлік айналма жолы – Рысқұлов-Сайын-әл-Фараби-Шығыс айналма тас жолдары арқылы қала орталығына ену ақылы болады. Бұл туралы бүгін Алматы әкімдігі жанында өткен брифинг барысында Алматы қалалық автокөлік жолдары және жолаушылар көлігі басқармасының бастығы Мақсұт Исахов мәлім етті.

көлік

Сурет:altyn-orda.kz

Бұл туралы Қазақпарат жазды.

«Қазіргі таңда Алматы қаласының кіші көлік айналма жолының ішкі жағына көлік арқылы енуді ақылы етудің техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленіп жатыр. Кіші көлік айналма жолы – бұл, Рысқұлов даңғылы – Сайын көшесі – әл-Фараби даңғылы – Шығыс айналма тас жолы. Осы 4 магистралдық көшелер арқылы қалаға 56 көше енеді екен. Міне, осы көшелер арқылы қаланың орталығына кіру ақылы болады деп жоспарлап отырмыз», – деді Мақсұт Исахов.

Сонымен қатар, ол бұл мәселе бойынша әзірге тек техникалық-экономикалық негіздеме әзірленіп жатқандығын айтты. Одан басқа, ол қалаға ең қауырт шақта 1609 қоғамдық автобус қажет екендігін жеткізді.

«Норматив бойынша 1609 автобусқа 4500 жүргізуші керек. Ал бізде 1609 автобусқа 3800 жүргізушіден ғана келеді. Яғни, 700 жүргізуші жетіспейді. Бұл аздай, 3800 жүргізушінің 73 пайызы – басқа қаладан келіп істейтін жүргізушілер. Тек 27 пайызы ғана алматылықтар», – деді ол.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Анонимно says:

    Амалын тауып халықты сорғанды ғана біледі біздің есектер

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар