Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда қабырғаға сүйенген көлік жұрттың таңданысын туғызды (фото)

Алматыда Ленин және Клочков көшелері қиылысында жұрт күтпеген көрініске куә болды. Жотаның үстіне салынған тұрғын үй ауласындағы «Ауди» көлігі төменгі аулаға құлап түсті.

018d1e281264cc5a5d78c83d452bc9f6

Бұл туралы BNews.kz хабарлайды.

Қабырғаға сүйенген көліктің тұрысы әлеуметтік желі қолданушыларын бей-жай қалдырмады. Жүргізушінің көлікті қою шеберлігіне «жоғары» баға беріп жатты.

Темір тұлпардың тізгіні не себепті босап кеткені кейін белгілі болды.

«Көлік иесі тежегішті басуды ұмытып кетіп, осының салдарынан ол жоғарғы ауладан төменге сырғып кеткен. Көлікті алу үшін бір сағаттай уақыт кетті»,– деп түсіндірді үйдің басқа бір тұрғыны.

Жіберіп алмаңыз:

Ақтөбеде қарсы жолаққа шығып кеткен полицей жол апатынан көз жұмды

Оралда жол апатына кінәлі жүргізуші жолаушы қайтыс болған соң қашып кеткен

Астанада жол апаты нәтижесінде жедел жәрдем көлігі аударылды

Талқылау