Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда күйеуі дәрігерді ұрып сұлатқан келіншек сотта жылап жіберді

Күйеуі дәрігерді ұрып сұлатқан келіншек ақыры сотқа келді. Жедел жәрдем қызметкерлерінің оңбай таяқ жеуіне себепкер болған әйел сырқаттанып, процесске көптен бері қатыспай жүрген деп хабарлайды КТК телеарнасы.

куц

Бүгін ол «енді жедел жәрдем шақыртпаспын» деп сот залында жылап жіберді. Жүрегі ауырып, жедел жәрдем шақыртқан Элмира Жақыпжанова жанжалды бастаған ақ халаттылар деп бар кінәні бригадаға артты. Айтуынша, өзін көрмек болып келген күйеуін дәрігерлер көлік ішіне кіргізбей қойған. Тіпті, балағат сөздер айтып, соңы қырғын төбелеске ұласыпты.

Бастапқыда күдіктіні танымаймын деп басын ала қашқан келіншек бүгінгі сотта мән-жайды осылай түсіндірді. Естеріңізге салсақ, қараша айында қала тұрғыны жедел жәрдемнің екі бірдей қызметкерін өлімші етіп сабаған болатын. Миына қан құйылған дәрігерлердің бірі ұзақ уақыт комада жатты. Сол оқиғадан кейін жарымжан болып қалған Наркескен Сейсенбаев енді айыпталушыдан 32 миллон теңге талап етіп отыр. Десе де, әр куәгер өз тарапын жақтап, сотта қарама-қайшы сөйлеуде.

“Дәрігерлер өте дөрекі түрде «Сен кімсің? Құры, жоғал бұл арадан» деп күйеуіне жекіп сөйледі. Боқауыз сөздер айтып, «ақ халатты» атауына дақ түсірді. Көрмегенім енді дәрігер болсын”, – дейді Элмира Жақыпжанова.

Талқылау