Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда күндіз ер адамды өз көлігінен күшпен шығарып ұрлап әкетті (видео)

Алматыда 20 сәуір күні ер адамды өз көлігінде отырған жерінен ұрлап кеткен.

рпав

Бұл туралы Zakon.kz хабарлайды.

Адам ұрлау әрекеті Алатау ауданында болған. 1987 жылы туған Самир Алиевтің туыстарының айтуынша, ол кәсіпкер екен. Бүгін таңғы сағат 4 шамасында ол Mercedes-Benz G-класс автокөлігімен үйіне оралған. Көлік тізгінінде сау жүргізуші болған. Ол куәгердің айтуынша, үйге кіре берісте Мерседесті қызыл түсті Subaru Outback пен ақ ВАЗ 2114 кес-кестеп алдын жапқан.

Бұзақылар Самирді көліктен күштеп алып шығып, басқа бір автокөлікке отырғызады. Осыдан соң кетіп қалған.

“Ол жолда кетіп бара жатып әкесіне хабарласып, қақпаны ашып қоюын сұрапты, бірақ келмеген. Әкесі уайымдап кафеге хабарласқан, олар көлік жүргізушісінің нөмірін берді, сол бәрін айтты. Оны ұрып, қызыл түсті Subaru Outback маркалы көлікке отырғызып алып кеткен”, – дейді Самирдің ағасы.

Самирдің туыстары адамдардан барынша көмек сұрап, оны іздеуге атсалысуға өтініш білдіруде. Өз кезегінде қалалық ІІД жедел-іздестіру операциясының басталып кеткенін хабарлады.

Оқи отырыңыз:

Павлодар облысында 4 жасар бала әкесінің көз алдында өртеніп кетті

Семейде терезе жумақ болған әжей 5-қабаттан құлап көз жұмды

Оралда жас жігіт туыстарының көз алдында көпірден секіріп кетті

Маңғыстауда жігіт 17 жастағы қызды алып қашып, аяусыз ұрып өлтірді

Талқылау