Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда іздеуде жүрген алаяқ әйел перзентханаға босануға келген жерінен ұсталды

Павлодардың Май ауданында тұратын 31 жастағы әйел мен оның 33 жастағы жұбайы алаяқтық бабы бойынша күдікке ілінген. Бірнеше жылдан бері іздеуде жүрген келіншек  Алматыдағы перзентханалардың біріне босануға келген жерінен ұсталды,-деп жазды pavon.kz.

Ерлі-зайыптылар алаяқтық жолмен жұрттың сеніміне кіріп, 46 миллион теңге «жеген».

Әйелі мен күйеуі аңқау адамдарды таныстары арқылы тауып, оларға арзан баспана сатып алуға көмектесуге уәде беріп, алдын ала төлемнің бір бөлігін алып отырған.

Қарапайым халық уәдесінде тұрмаған әйелі мен ерін таппай қалып отырған. Полицияға болған жайт бойынша шағым түсіріп, алаяқтар іздеуде жүрген.

Павлодар полициясы Алматыдан күдіктілерді алып келуге жедел түрде аттанған.

Әйел босанасалып полицейлердің тергеуіне алынды. Қазір перзентхананы арнай жасақ қызметкерлері күзетіп тұр. Ал отағасы уақытша тергеу абақтысына жабылған.

Оқи отырыңыз:

Ақтөбе тұрғыны қызының асылып өлгені үшін құдалары мен күйеу баласын жауапқа тартпақ

Алматы тұрғыны «Оңай» жүйесіндегі олқылықты тізіп сотқа жүгінді

Жетімдер үйінде өскен жігіт анасын қалай тапқанын айтып берді

Оралда күйіп қалған жүкті әйелдің құрсағындағы шаранасы шетінеп кетті

 

Талқылау