Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда із-түзсіз жоғалып кеткен қыз «Оңай» картасы арқылы табылды

Алматы облысында жоғалып кеткен қыз «Оңай» картасы арқылы табылды, деп хабарлайды Stan.kz.

Алматыда жоғалып кеткен қыз «Оңай» картасы арқылы табылған

Бұл туралы тележүргізуші, журналист Сәуле Әбединова Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

Айтуынша, Алматы облысы Іле ауданы Жаңадәуір аулының 1989 жылғы тұрғыны Ақмарал Ноғайбаева Алматы-1 базарынан шығып, белгісіз бағытқа кетіп қалған. Абырой болғанда, ол 5-6 күннен кейін табылыпты,

«Әрине, табылғанына қуандық. …»Жаман айтпай, жақсы жоқ», бұл ақпараттың да болашақта біреу болмаса біреуге пайдасы тиіп қалар…

Ақмарал бірнеше күн қалада азып-тозып жүре берген. Анасының айтуына қарағанда, бет-аузы, үсті кір-кір болған. Полиция әдеттегідей, түк бітірмеген…

Анасы Сәулеш «Оңайға» барып өтініш айтқан. Қысқасы, Ақмарал «Оңай» арқылы табылды. Соңғы рет қай жерде қай бағыттағы автобусқа отырғанын «Оңай» компаниясы бір-ақ сәтте анықтаған», – деп жазды журналист.

Сәуле Әбілдаханқызының сөзінше, қыздың анасы полицейлерден «Оңай» картасы арқылы іздеуін сұраған.

«Анасы полицейге жазған өтінішінде “Оңай” картасы туралы, сол арқылы да іздеуге өтінішін айтып жазған екен. Полицейлер ол өтінішті не толық оқымаған, не шындап іздеуге құлқы болмаған…

«Оңайдың» бір пайдасы осы екен. Жалпы, қаперде ұстайтын нәрсе екен…», – дейді Сәуле Әбединова.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау