Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда ішімдікке салынған әйел 8 жасар баласын бірнеше күн бойы аш қалдырған

Алматылық полицейлер кезекті рейд жүргізу кезінде бірнеше күн бойы мас анасымен бір үйде болған баланы тауып алды.

ымым

Бұл туралы patrul.kz хабарлайды.

Алматы ІІД жергілікті полиция қызметі мамандары “Каникул” жобасы аясында әлеуметтік аз қамтылған отбасылардағы балалардың өмірін қадағалайды. Сондай үйлердің бірінен кезіккен бала анасының бірнеше күн қатарынан ішіп жатқанын айтыпты.

Көршілерінің айтуынша, әйел ішімдікке жиі салынады. Бір уақыттары жұмысқа орналасып, қалыпты тіршілікке де араласқан. Бірақ, араққа деген әуестігі жеңіп кете береді екен. Мұндай тіршіліктен жалыққан 20 жастағы қызы үйден кетіп қалған. Ал анасының жылуын сезіне алмаған бала күні бойы құр су мен нанды талғажау етуге мәжбүр.

Тәртіп сақшылары баланы кәмелетке толмағандарды орналастыратын орталыққа алып кеткен. Ювеналды полиция әзірге жағдайды бақылауда ұстауды жалғастырмақ.

Оқи отырыңыз:

Алматыда анасы төрт баласымен жол апатына түсті

Әріптестерін пышақтаған жамбылдық лауазымды полицей қолға түсті

Қызылордада 5 баласы бар әжей “Қарттар үйін” паналап отыр

Алматы облысында қоқысқа тұншыққан жұрт жаппай ауруға шалдығып жатыр

Талқылау