Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда ірі жол апаты: BMW X6 жүргізушісі оқиға орнынан ізін суытты

Алматыда Момышұлы және Қабдолов көшелерінің қиылысында ірі жол апаты орын алды. BMW және Toyota автокөліктері соқтығысып, нәтижесінде қос тұлпардың да күл-талқаны шықты.

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлады.

BMW X6 автокөлігі Момышұлымен, ал Toyota Carina E Қабдолов көшесімен келе жатқан. Жол апаты болған кезде бағдаршамның қызыл түсіне қай көлік өтіп кеткені әзірге белгісіз.  Toyota қатты соққыдан Момышұлы көшесінің қарсы жолағына ұшып түскен. BMW жол жиегіне шығып қалған. Екі көлік те жарамсыз күйге түскен.

BMW X6 жүргізушісі апат орнынан бірден жаяу қашып кеткен. Toyota жүргізушісіне медициналық көмек көрсетілді. Жедел жәрдем оны ауруханаға алып кетті.

Мән-жайды анықтау үшін оқиға орнында жол полициясының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Жіберіп алмаңыз:

Павлодарда өртте қалған екі айлық сәби күйіп қалды

Қостанай облысында бес жасар бала өрт шыққанын хабарлап, аман қалды

Алматы облысында 12 жастағы қыз бен бала үйлерінен бірігіп қашып кеткен

Алматыда жас жігіт тауда суға құлап қайтыс болды

 

Талқылау