Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда ірі компанияның есепшісі анасының емі үшін 300 миллион теңге ұралаған

Алматыда тамақ өнеркәсібімен айналысатын компания есепшісі жылдар бойы жалпы 300 млн теңге көлемінде қаржыны өзіне аударып отырған. Ол сотта анасының емі үшін осындай қылмысқа барғанын айтты.

Алматыда ірі компанияның есепшісі анасының емі үшін 300 миллион теңге ұралаған

Бұл туралы InAlmaty.kz хабарлады.

Бірінші қылмысы 2015 жылы болған. Онда 166 млн 303 мың теңге ұрлаған.

“Сотталушы 2015 жылғы арналған мемлекеттік бюджетке төленетін салық  көлемін құжатты жалған толтырған”, – делінген хабарламда.

Ол 2016 жылы бюджетке төленетін қаржының 166 миллион теңге көлеміндегі қаржыны өзінің картасына аударып алған.

Есепші сотта өз кінәсін мойындап, ақшаны анасының емі үшін ұрлағанын айтты.

Сот сотталушыны 7 жылға бас бостандығынан айырып,мүлкін тәркілеп және 6 жыл бойы есеп-қисап саласында жұмыс істеуіне шектеу қойды.

 

 

Талқылау