Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда ірі көлемде қару-жарақтың табылуына байланысты қауіпсіздік шаралары күшейтілді

Төрт граната, бір мылтық, екі тапанша мен патрондар және 5 миллион теңге! Бүгін Алматыда екі бірдей пәтерден осынша заңсыз қару-жарақ тәркіленді. Ал осы іске байланысты 5 бірдей күдікті қамауға алынған. Сондай-ақ, полицейлер Республика және Астана алаңдарын да таңның атысымен қоршап, елдің есін алды,-деп жазды КТК арнасы.

қарууу

Мұнда тіпті жанармай құйылған бөтелкелер мен арматура темірлерге толы пакеттер табылған.

Алматыда бүгін таң атпастан Республика алаңына жақын орналасқан Байсейітова көшесі қоршауға алынды. Шектелген аумаққа ешкім жіберілмей, ол жерді полиция қызметкерлері қарап шықты. Сөйтсе, Республика алаңдарының маңайынан жанармай құйылған бөтелкелер мен арматура темірлер салынған пакеттер табылыпты. Астана алаңы маңына да осындай заттар жасырылған екен.

«Қаламыздың бес жерінде өзге біреулердің қалдырған заттарын таптық. Дәлірек айтатын болсақ, бұл жанармай құйылған бөтелкелер, сонымен қатар темір-терсектер алдын ала дайындалған, сонымен қатар жанармай құйылған канистрлар»,-дейді Алматы қаласы ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Ал ертелетіп елді алаңдатқан жәйттердің ендігісі одан да сұмдық. Бостандық және Алмалы аудандарында орналасқан екі пәтерден «Макаров» және «ТТ» маркалы тапаншалар, 4 «РГД-5» гранатасы, 1 шолақ мылтық пен 5 миллион теңге табылған.
«Бұл мәліметтер жалпы қала тұрғындарынан келіп түскен. Сондықтан түсе салысымен мәліметтерді тексеруге барынша жұмылдырып, мұндай мәліметтер шын мәнінде расталған болып шықты»,-дейді Алматы қаласы ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Бұл жағдай заңсыз қару-жарақ сақтау дерегі ретінде тіркеліпті. Ал осы іске күдікті ретінде бес азамат ұсталған.
Жанармай толы бөтелкелер мен арматура темірлер қара пакетке салынған күйі мына темір қақпақтың ішінен табылыпты. Дегенмен, таңертең қоршауға алынған бұл жерде түске қарай жағдай қалыпқа келді. Тек қауіпті заттар мен заңсыз қару-жарақтарды полиция қалайша бір уақытта анықтады? Бұл туралы ресми мәлімет жоқ. Белгілісі, қазір осы жәйттердің әрқайсысы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Ұқсас материалдар:

Алматыда Республика алаңынан қауіпті заттар табылғаннан кейін 5 адам ұсталды

Алматыдағы Республика алаңынан арматур мен керосин құйылған бөтелкелер табылды

Талқылау