Алматыда гастарбайтерлер нанды антисанитарлық жағдайда пісірген (видео)

Сенбі, 20 Ақпан , 2016 11:08

Алматыда Өзбекстан азаматтары заңсыз түрде жұмыс істеп жатқан наубайхана табылды. Мұнымен қатар, гастарбайлер сол жерде тұрады екен. Яғни санитарлық нормалардың сақталмағаны туралы сөз қозғаудың да қажеті жоқ.

1

Бұл туралы  alma.tv хабарлады.

Мегаполисте наубайшылар екі айдан бері жұмыс істеп келеді. Олардың сөзіне сенсек, жұмыс беруші барлығын заңды түрде рәсімдеуге уәде берген, бірақ мұндай іске қолы бармаған сияқты. Сондықтан сақшылар тек көрші елден келген қонақтардың ғана емес, наубайхана иесінің үстінен де қылмыстық іс қозғамақ.

“Өзбекстан азаматтары мен 1986 жылғы ҚР азаматы Сатбеков Маркен Алатау ІІБ 517-бап, 5-бөлім және 501–тармақ бойынша Алатау ІІБ көші-қон полиция бөлімшесіне жеткізілді”, – деп хабарлайды Алматы қаласы көші-қон полициясы ІІБ бөлімі басқармасының взвод командирі Рысбай Көмеков.

Алматы қаласында жыл басынан бері құрылыста заңсыз жұмыс істеп жүрген мыңдаған азамат құрықталған. Олардың 390-ы депортацияланды, ал қалғандары сотты күтіп жүр.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар