Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда есірткілік заттарды жарнамалап жүрген студенттер ұсталды

Алматыда есірткілік және психотроптық заттарды тарататын арналарға оларды таратуға  жол бермеу және алдын алу мақсатында «Допинг» шұғыл-алдын алу шаралары жүргізілуде, деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Алматыда есірткілік заттарды жарнамалап жүрген студенттер ұсталды

Аталған шара барысында «Скорость – Papa Hais Operator» жазуы арқылы есірткілік және психотроптық заттарды заңсыз жарнамалаған колледждердің 3 студенті ұсталды.

«Студенттер есірткілік және психотроптық заттар туралы жарнаманы  Әуезов ауданындағы тұрғын үйлердің қабырғасына трафарет және қара бояудың көмегімен жазып жүрген. Оларға әр жарнама үшін 500 теңгеден жоғары ақша төлейтінін айтқан. «Суретшілер» қазіргі заңға сәйкес жауапкершілікке тартылды», – дейді Алматы қалалық полиция департаментінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының басшысы Ерлан Алмағамбетов.

Алматыда есірткілік заттарды жарнамалап жүрген студенттер ұсталды

Сонымен қатар полиция азаматтарды есірткі саудалаушылардың әрекеттері мен жарнамаларына ермеуге, ал ата-аналарды балаларының немен айналысып жүргенін бақылауға шақырды.

Алматыда есірткілік заттарды жарнамалап жүрген студенттер ұсталды

Күдікті тұлғалардың тарапынан жасалған кез-келген заңбұзушылық әрекет туралы есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінің телефон нөмірлері бойынша хабарлау сұралады: +7 708 300 0611; +7 776 088 8820.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау