Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы жезөкшелер қызмет еткен орын “сауна” не “қонақүй” деген атаусыз жұмыс істеген

Алматыда сырт қарағанда әкімшілік ғимаратқа ұқсайтын екі қабатты ғимарат притон болып шықты. Ол жерге адамдар ешқандай жарнамасыз жыныстық қызмет алу үшін баратын болған.

1

Құқық қорғау қызметкерлері бұл ақпаратты тексеруге түнгі сағат 22.00-де барған, деп хабарлайды Stan.kz.

Тексеру барысында құпия қонақ үйдің 15 бөлмесі бос болмай, жыныстық қызмет көрсетіп жатқан.

«Өз тәжірибемнен айтам, құпия түрде мұндай орындардың жұмыс істеуі бірінші рет емес. Ондайларға жарнама да керек емес. Мына жерге келген кез-келген адам жыныстық қызметті ала алады. Тіпті, қонақүй тексеру барасында жеңіл жүрісті қыздарды әдейі іздеп келгендерін жасырмады», – дейді Алматы қаласының ІІБ-ның ұйымдасқан қылмыспен күресу басқарма бастығы, полиция полковнигі Танат Назанов.

Полицейлердің айтуынша, Ол жердегі администратор қыздардың немен айналысатынын жақсы білген. қонақүйдің администраторы 25 жастағы келіншек жеңгейтайлықпен айналысқан. Тіпті, кез-келген қонаққа қажет уақытында қыздарды шақырып отырған.  Алайда ол жеңіл жүрісті қыздардың әрекетін бақылау міндеті емес екенін жеткізген. Жезөкшелер сол қонақ ұйде тұрып кәсібімен айналысқан екен.

Полицейлердің жедел әрі арнай шаралардың нәтижесінде администратор келіншектің қылмысын ашқан құжаттар табылған.

Қазір ол қылмыстық жауапкершілікке тартылды.Келіншек жезөкшелікпен айналысу мақсатында притон ұстап, оны ұйымдастырғаны және жеңгетайлық үшін айыпталды.

Жезөкшелер полиция бөлімшесіне жеткізіліп, арнайы тіркеуге алынды. Қазір олардың жеке басы анықталып, қандайда бір қылмысқа қатысы бар-жоғы тексерліп жатыр.

Қазір  қонақүйді жұмысы тоқтатылды. Ал оның жабылуы сот шешеміне байланысты.

2

 

4

5

6

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Талқылау