Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда ер адам жер асты өткелінің енді ғана жөнделген қабырғасын бүлдіріп, камераға түсіп қалды (видео)

Алматыда жер асты өткелінің қабырғасын бояп тастаған ер адам бейнебақылау камерасына түсіп қалды, деп хабарлайды ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Алматыда ер адам жер асты өткелінің енді ғана жөнделген қабырғасын бүлдіріп, камераға түсіп қалды (видео)

18 тамызда ер адам бұзақылық ниетпен Райымбек даңғылындағы жөндеуден өткен жер асты өткелінің қабырғасын бүлдіріп, бояп тастаған.

«Оқиғадан бірнеше сағат бұрын суретшілер жер асты аумағының әрлеу бойынша жұмыстарды аяқтаған. Олар әрлеу жұмысына бірнеше күн жұмсады. Тіпті, бояуы кеуіп те үлгермеген», – дейді ІІД-нің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Ведомство өкілінің мәліметінше, бұзақылық жасаған ер адамның әрекеті жер асты өткелінде орнатылған бейнебақылау камераларына түсіп қалыпты.

«Бізде оның түрі анық түскен суреттері бар. Сондықтан іздеп-табу қиындық тудырмайды. Ол ұсақ бұзақылығы үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады», – дейді Салтанат Әзірбек.

Өз кезегінде Салтанат Әзірбек мұндай кез-келген заң бұзушылық әрекет жасағандар жауапкершілікке тартылатынын ескертті.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау