Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда ер адам ұялы телефонның IMEI-кодын өзгерткені үшін тұтқындалды

Алматыда құқық қорғаушылар киберқылмысқа қарсы күреске бағытталған Hi-Tech операциясын жүргізді. Операция барысында телефонның IMEI-кодын өзгерткен ер адам ұсталды, деп хабарлайды қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Алматыда ер адам ұялы телефонның IMEI-кодын өзгерткені үшін тұтқындалды

«Киберқылмысқа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері арнай шара барысында қаладағы сауда үйлерінің бірінен абоненттік құрылғының сәйкестендіру кодын өзгерткен азаматты ұстады. Ол сатып алуды бақылау барысында ұялы телефонның шынайы IMEI-кодын 000 000 000 000 000 сандарына өзгерткен», – дейді қылмыстық полиция басқармасының басшысы Есен Ысқақов.

Полиция мәліметінше, ұсталған азаматтың әрекеттерінен ҚР ҚК 213-бабына (Ұялы байланыстың абоненттiк құрылғысының сәйкестендiру кодын, абоненттi сәйкестендiру құрылғысын құқыққа сыйымсыз өзгерту, сондай-ақ абоненттiк құрылғының сәйкестендiру кодын өзгертуге арналған бағдарламаларды жасау, пайдалану, тарату) сәйкес қылмыс белгілері қарастылыуда. Ол қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр