Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда ер адам көшеде келе жатқан жерінен инсульт алып, жансақтау бөліміне түсті

Алматыда ессіз күйінде табылған ер адамның туыстары іздестіріліп жатыр. Ол көшеде келе жатып инсульт алып құлап қалды, деп хабарлайд КТК арнасы.

Алматыда ер адам көшеде келе жатқан жерінен инсульт алып, жансақтау бөліміне түсті

Дәрігерлер науқастың жағдайы тұрақталғанын айтты. Алайда оның кім екені белгісіз. Науқастың өзі әлі тілге келген жоқ. Қан қысымы көтеріліп, оң жақ аяқ-қолы істемей қалды. Дәрігерлер науқасты танығандар болса, хабар беруін сұрайды.

Алматыда ер адам көшеде келе жатқан жерінен инсульт алып, жансақтау бөліміне түсті

“Жедел жәрдемді жанынан өтіп бара жатқан адамдар шақырған. Отбасыңыз бар ма деп сұрасақ, басын шұлғиды. Бірақ, денсаулығына байланысты әзірге сөйлей алмай жатыр. Денесінде ұрып-соққан іздер жоқ. Азамат қан қысымы көтеріліп, құлап қалған”, – дейді невропатолог Ғалымжан Кәрімов.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау