Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда ер адам көліктің астына түсіп, жүргізушіні сан соқтырмақ болған (видео)

Алматыда ер адам жолға шығып, өзін көлік қағып кеткен зардап шегуші ретінде көрсетіп, жеңіл көлік иесін кінәламақ болған.

732d2107ccc690338e6893fb79fb7bbd_XL

Бұл туралы Искандер Мацаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Ол оқиғаға куәгер болған. Көшедегі жағдай жас жігіттің көлігіндегі бейнетіркегішке жазылып қалыпты.

Оқиға Алматыдағы Каблуков көшесінде болған. Бейнежазбада ер адамның өтіп бара жатқан көлікке қарай ұмтылып, қолдан оқиға құрастырмақ болғаны анық байқалады. Бірақ, оны көлік мүлде қақпаған. Сонда да ер адам көлік жүргізушісіне барып, ашулы түрде әлдене айта бастайды.

Осы кезде қатар тұрған автотұрақта “Деликаның” терезесі баяу ашылып, әлдекімнің бақылап отырғаны байқалған.

Сірә, олар ортаға біреу келіп килігеді, жағдай бейнетаспаға түсіп қалады деп ойламаса керек. Көлігінен шыққан Искандер оқиғаның бейнетіркегішке жазылып қалғанын айтады. Мұны естіген әлгі адам да, “Делика” да бірден тайып тұрған.

Пікір қалдырушылар, әлгі “Деликаны” қаланың басқа да жерлерінен байқағандарын айтуда.

Оқи отырыңыз:

Моңғол бишісінің өнері ғаламторды “жарды” (видео)

Бас құда тойға басып кірген қарулы ОМОН-дармен төбелесіп кетті

Күйші: Домбырамды су жаңа «Тойота Камри 40» көлігіне айырбастамай қойдым

Талқылау