Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда ер адам баланың өмірі үшін 3 миллион теңге талап еткен

Алматыда ер адам әйелдің үш жастағы баласын ұрлап кетемін деп қорқытқан. Баланың өмірі мен денсаулығы үшін ол 3 миллион теңге талап еткен.

98_main
Сурет newsroom.kh.ua

Әйел бірден полицияға шағым түсірген.

“Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері арнайы шараның жоспарын дайындап, уақытын белгілеп, күдіктіні ұстайтын орынды анықтады. “Арлан” арнайы жасағының жауынгерлері жоспарды түнгі 11 шамасында жүзеге асырды”, – дейді Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі.

Үш миллион теңге талап еткен 50 жастағы ер адам Алматыдағы жеке секторда қолға түсті. Ол бұған дейін қару-жарақ өткізгені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған екен.

Талқылау