Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда еңіреген бала мен зар жылаған анаға қарамастан, сот орындаушылар үйлерінің күл-талқанын шығарды (фото)

Алматыда 13 бала мен 4 зейнеткер далада түнеп жүр. Оған себеп 3 бірдей отбасының үйлерін сот орындаушылары келіп сүріп кеткен. Аптап ыстықта жермен жексен болған баспаналарының қасына кілем төсеп жерде жатқандардың арасында 2 айлық бала да бар. Сүрілген үй тұрғындары заң қызметкерлерінің әрекеті заңсыз дейді. Өйткені олар әйел, бала -шағаларымызды сабап үйді сүрлеуден бұрын тонап кетті деп отыр.

25 балалар

Бұл туралы 31 арна хабарлады

Анасын сот орындаушыларынан арашалап жатқан бала Гүлдерай Толқынбектің ұлы. Бұл кадрлар бес балалы отбасының үйін сүруге сот орындаушылар келген сәтте түсірілген. Заң өкілдерінің әрекетін заңсыздыққа балаған отбасы мүшелері баспаналарын трактордың табанына таптатпауға жанталасып жатыр.

Алайда анама тимеңіздерші деп шырылдаған балалардың талабын тыңдаған жан болмады. Сол күні баспанасын қорғауға тырысқан бес баланың анасы Гүлдерай Толқынбек құлаған сәтінде қолын жарақаттап алыпты.

Алайда қолы жарақатталған әйелдің, аналарын қорғап шырылдаған балалардың, немересі мен келінінің күйін көріп қан қысымы төмендеп есігінің алдында құлаған қарт кісінің де айқайы сот орындаушыларының мейірімін оята алмады. Алматы іргесіндегі Қайрат ықшам ауданында бір емес үш бірдей үй сүрілді. Үйсіз қалғандар далада түнеп жүр.

гулдерай толкынбек

“Біз өз үйімізде егеменді елімізде отырып, неге осылай қор боламыз? Материал да жарамай қалды, қиратып тастады. Тым болмаса мына егелері келіп өздері шығарып алмай ма?” – дейді қария Гүлсара Мұсаева.

гулдерай толкынбек 25

Дүние мүлкі сары трактордың табанына тапталған тұрғындар бұл жерді он жыл бұрын әлдекімдерден 12 мың АҚШ долларына сатып алғанын айтады. Алайда алаяқтарға алданғандарын кеш біліпті. Содан бері бірқатар сот процесстері де болған, соңғы үміттерін енді жоғарғы сотқа артып отырған отызға жуық жаннан тұратын үш отбасы бір-ақ күнде далада қалды.

“Біз не істейміз, сот орындаушылар келіп жатыр деген кезде, Жоғарғы сот айтады сол қағазды көрсетіңіз, сол қағазбен бұлар тоқтау керек, кез келген заңгер оны біледі деп. Ол қағазды шығарып көрсетсек, оны да қарамаймыз деп тұр”, –  дейді тұрғын Фархат Ғазиев.

Оның үстіне үйіміз сүрілген кезде ақшамыз да қолды болды дейді тұрғындар. Алайда жоғалған қаражаттан сот орындаушысы хабарсыз. Ал өз әрекеттерінің заңдылығын айтады.

“Алматы қаласының сотымен соттың шешімі күшіне еніп қойған. Бір емес екі рет отказ берген”, – дейді сот орындаушы Алмасбек Елтоқов.

“Үйімізден қуып шыққаны үшін, анамыздың жасын кетіргені үшін жылатқаны үшін жазасын алсын деп отырмыз”, – дейді көз жасын тыя алмаған бала Мағжан Ақберген.

баспана таукыметі

Қайта-қайта қан қысымы көтеріліп құлап қалса да осы жерде қарайып отырамыз дейді зейнеткерлер. Ал балалары болса қатыгез ағайлар бұзып кеткен күл-талғанын шығарған үйіміздің үйіндісінің астына арманымыз бірге көмілді деп отыр. Сондықтан олар ақырына дейін күреспек ниетте баспаналары үшін. Ал үлкендері өліспей беріспейміз деп отыр.

Жіберіп алмаңыз:

Заң білмейді: көлігін автобус аялдамасына қойған астаналық прокурор елді шулатты (видео)

Алматыда 7 баласын жетектеген батыр ана бас сауғалайтын жер таппай, қаңғып жүр (фото)

Қостанай облысында ата-ана 9 жасар ұлдарын тамақ бермей аштан қатырған

ОҚО-да өзінің 4 жасар ұлын буындырып өлтірмек болған әйелге сот үкімі шықты

Талқылау