Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда енді велосипедті автобусқа байлап алып, діттеген жерге жетуге болады

Арнайы бекіткіші бар қоғамдық көліктер бүгіннен бастап қатынап жатыр,-деп жазды КТК арнасы.

автобус

Қаладағы бір- біріне ұштаспайтын велосипед жолдары енді осылай байланыспақ. Яғни, шабандоздар велосипедін автобустың алдындағы бекіткішке тиеп алып жүре береді. Ол екі орынға шақталған.

Ал қоғамдық көліктің аялдамада қанша уақыт тұратыны шабандоздың шапшаңдығына байланысты. Бірақ бұқаралық велоспортты дамытуға арналған жоба басталмай жатып сынға ілікті. Өйткені, мақтаулы бекіткіштері жабылмай әлек болды. Бұдан қатты қысылса келек, жобаның таныстыруға келген әкімдік қызметкері сұраққа жауап қатпастан, алды-артына қарамай қашты. Қосымша жұмыстың пайда болғаны, автобус жүргізушілеріне де ұнап отырған жоқ.

«Енді бұны ыңғайлы деп айтуға болмайды. Бізге бір концерттен екіншісіне дейін бір сағат қана уақыт берілген.   Уақытқа үлгере алмаймыз. Енді мына велосипедпен не болатынын білмеймін. Ары қарай көре жатармыз»,-дейді автобус жүргізушісі Файзидин Зайнилов.

Оқи отырыңыз:

Қақпашы екі гол жіберіп алған соң көңіл-күйі түсіп, үзілісте такси ұстап кетіп қалды (видео)

Андрей Аршавин “Астана” қақпасына супергол соқты (видео)

Роналду 6 жасар ұлының айып соққысынан салған керемет голын көрсетті (видео)

 

Талқылау