Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда еңбекақысын ала алмаған екі азамат өзіне бензин құйып өртенетіндерін айтты

Алматыда жатақханаға 140 матрас жасап берген екі азамат ақысын сол күйі ала алмаған. Амалы таусылғандар өзіне қол салатындарын айтты.

Жамбыл мен Талғат есімді азаматтар Қазақстандық инженерлік-технологиялық университеттің жатақханасына 140 матрас жасап берген, деп хабарлайды 31 арна.

Айтуларынша, шұғыл керек деп сұраған соң бірі көлігін қойып, кепіл ақшаға матрас жасаған. Алайда 1 млн 100 мың теңге ақысын қолына алмаған.

“Еңбегімізідң ақшасын бермей келеді. Бір біріне жұмсайды. Үстімізге бензин құйып, оқу ордасы  алдында өртенуден басқа амал жоқ”, – дейді олар.

Полицейлер бұл істі тексеріп көрді. Университет басшылығы бұл істе  “Байтақ дала” ЖШС-мен келісімге келгенін, ақысын да төлегендерін жеткізді.

Сол себепті екі азамат “Байтақ дала” ЖШС-нен ақысын талап етуі керек. Өйткені оқу орнымен еш келісім-шарт жоқ, ЖШС-мен де ауызша келіскен.

Құқық қорғау органдары бұл істі тексеріп көрмек.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау