Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда еліміздің ең сұлу арулары Баян Сұлу атағы үшін бақ сынасты

Астана қаласының тұрғыны Адина Рымхаш «Баян Сұлу» эпосының кейіпкері болуға лайық ең үздік бейне деп танылды. Аталған сайыста жеңімпаз атанған Адина автокөлік ұтып алып керемет жүлдеген ие болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі ҚазАқпарат-қа сілтеп.

Алматыда еліміздің ең сұлу арулары Баян Сұлу атағы үшін бақ сынасты

Байқау ұйымдастырушылары белгілі қазақ эпосының кейіпкері Баян Сұлудың ең үздік бейнесін таңдауды халыққа сеніп тапсырған. Қазақстанның барлық азаматтарына онлайн-дауыс беруге мүмкіндік берілген. Үш айы бойы байқауға қатысушылар осы атаққа ие болу үшін бақ сынасты.

«Таңдау өте қиын болды. Финалға шыққан бес қатысушының бәрі бұл атаққа лайықты қыздар. Біз соңғы тапсырмаларды финалистердің кез-келгеніне тән таланттарды бөліп-жармай қоюға тырыстық. Қазылар алқасы белгілі тұлғалар, яғни мәдениет және өнер саласындағы мамандар, сән дизайнерлері және қоғам қайраткерлері болды. Осы құрамның арқасында ең үздік бейнені таңдау мүмкіндігінше объективті болды деп айта аламыз. Сонымен қатар, қазылар алқасынан бөлек халық дауыс берді», – деді ұйымдастырушы комитет төрағасы Марлен Абылгазинов.

Супер финалдың бағдарламасы төрт конкурстық тапсырмадан тұрған. Ұйымдастырушылар осындай жарыстардың жыл сайын өткізілетінін айта кетті. Себебі, алғашқы тәжірибе көптеген мүдделі тұлғалардың бар екенін көрсеткен. Адина Рымхаштан бөлек, қалған 4 финалист те сыйлыққа ие болды. Олар екі iPhone X-ті және шетелге билет пен 300 мың теңгені өзара бөліп алды.

«Мен бірінші рет өтініш тапсырған кезде, финалға өтемін деп ойламаппын. Бұл байқау менің жалғыз мақсатым болған емес. Мен өзімді осы саланы сынап көргім келді. Барлық қатысушылар Гран-приге лайық болды. Барлығы өте мейірімді, ақкөңіл, жақсы қыздар. Біз жақсы дос болып кеттік»,- дейді Адина Рымхаш.

Оқи отырыңыз:

Қарағандыда 1 жасар сәбиін ауруханада тастап кеткен анасы оны балалар үйіне өткізді

Баланы эскалатор қысып қалды: Астана әкімдігі видеоға қатысты пікір білдірді (видео)

Астанада 13 адам зардап шекті, ал синоптиктер жаңа дауыл туралы ескертуде

Астана әуежайында жолаушылар ұшағы ұшу-қону жолағынан шығып кетті

Талқылау