Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Киіміне дейін шешіп алды: Алматылық екі ер адам көшеде әйелді есінен тандырып, тонап кетті (видео)

Желіде екі ер адамның әйелді тонап кеткені түсіп қалған видео тарап кетті. Олардың бірі әйелді қуып жетіп, тұншықтыра бастаса, екіншісі сөмкесін ақтарған. Сорақысы сол, олар әйелді ессіз күйде қарға жатқызып, заттарын алып кеткен, деп хабарлайды Stan.kz.

Алматыда екі ер адам көшеде кетіп бара жатқан әйелді есінен тандырып, тонап кетті (видео)

Желіде тараған видеода оқиғаның «Жетісу-4» ықшамауданында банк ғимаратының маңында болғаны көрсетілген.

Видео кадрларынан байқалғандай, ер адамдар әйелдің соңынан аңдыған болуы мүмкін. Олардың бірі әйелдің артынан жүгіріп келеді. Оның әйелге не істегені бейнебақылау камерасына түспей қалған. Артынша ұрының әйелдің мойнынан сүйреп келе жатқаны байқалады. Осы кезде екінші ер адам әйелдің түсіп қалған сөмкесіне жүгіреді. Ұрылардың бірі оны есінен тандырып, жерге жатқызып, үстін тінтісе, екіншісі сөмкесін ақтарған. Мұнан кейін олар сол жерден ізін суытты. Олар әйелдің үстіндегі пәлтесін де шешіп алып, қардың үстінде жеңіл киіммен қалдырып кетті.

Қалалық полиция департаменті аталған ақпаратты растады. Оқиға ақпанның 14-інен 15-іне қараған түні орын алған. Ұрылар 35 жастағы әйелге шабуыл жасаған. Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты ҚР ҚК 192-бабына (Қарақшылық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

«Шұғыл-тергеу тобы құрылды. Олар аталған қылмысты ашу үшін кешенді шаралар атқарып жатыр. Қылмыс ашылып, кінәлілер тиісті жазасын алады», – дейді полиция департаментіндегілер.

Полиция мәліметінше, оқиға салдарынан әйел зардап шекпеген. Ол дәрігерлердің көмегіне жүгінбепті. Оның өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау