Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда екі ер адам «әке, алимент төлеші» деп жазылған баннерлерді сот арқылы алып тастатпақ

Алматыда бұрын-соңды болмаған сот ісі басталды. Бірнеше ер адам көшедегі баннерге көңілдері толмай, Әділет департаментімен соттасып жатыр,-деп хабарлайды ктк арнасы.

алимент

Дауға себеп болған осы баннерлер. «Әке, алимент төлеші» деп өтінген бүлдіршіндердің мұндай бейнелері қаланың бұрыш-бұрышында ілініп тұр. Бұл, әрине, алимент төлеуден жалтарып жүргендерге жасалған ескерту. Ал арызданушылар ол жазуда «ана» сөзі де болсын дейді. Өйткені, қазір алимент төлемей жүрген әйел де көп екен.

Ал көше бойына ілінген тақтайлардағы сөз осы 2 жігіттің намысына тиіпті. Сондықтан баннерге тапсырыс берген Әділет департаменті жауапқа тартылсын деп отыр. Құзырлы орган қайта соңғы кезде алиментті мүлде төлемейтіндердің саны еселеп артқанын айтып сотқа мұңын шақты.

Сөйтсе, тек Алматының өзінде берешек әкелердің саны 7 мыңнан асқан. Бірақ шенеуніктердің бұл уәжі баннерлерге қарсы шыққандарды райынан қайтара алған жоқ.

«Әйелдердің емес, еркектердің құқығын қорғау керек. Себебі, өз баласын тастап кететін келіншектер де көп. Мәселен, менің әйелдерім маған балаларымды мүлдем көрсетпейді. Ал менің құқығымды ешкім қорғап та жатқан жоқ»,- дейді сотқа шағым түсірген Александр Стрелецкий.

Талқылау