Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда екі бірдей жолаушыны өлтірген әйелге сот үкімі шықты

Жол апаты нәтижесінде екі адамды өлтіріп, екі жолаушының жарақатына себепкер болған әйелді Алматы соты бес жылға бас бостандығынан айырды. Енді ол жазасын әйелдерге арналған колонияда өтейді.

женщины-в-тюрьмах-1

Сурет exzk.ru

Әйелге қатысты қылмыстық іс №2 Бостандық аудандық сотында қаралды деп хабарлайды, соттың баспасөз қызметі.

2015 жылдың 29 қыркүйегінде Mazda маркалы көлік тізгіндеген әйел Toyota маркалы көлікпен соқтығысып, ірі жол апатын жасаған. Соққы әсерінен Toyota қарсы беттегі аялдамаға қарай ұшып кеткен. Оқиға орынында екі адам қайтыс болса, екеуі ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілген.

Жол апатына кінәлі деп табылған әйел бес жыл бас бостандығынан және 7 жылға дейін көлік жүргізу құқығынан да айырылды.

Сондай-ақ, сот зардап шегуші тарапқа 300 мың теңге көлемінде моральдық шығынды өтеп беру жөнінде де міндеттеді. Екінші зардап шегуші де 1,2 млн теңге материалдық және 700 мың теңге моральдық шығын өтемақысын алуы тиіс.

Әйтсе де кінәлі әйел сот отырысы кезінде өз кінәсін мойындамады.

Сот қаулысы өз күшіне енген жоқ.

Талқылау