Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда екі бүлдіршін тұрмысы төмен болғандықтан мектепке бара алмаған

«Прокурорлар тексеріс кезінде 100-ден аса тұрмысы төмен отбасыларды анықтады. Олар әлеуметтік қамсыздандырылмаған және оларға арнайы орындар тарапынан көмек көрсетілмеген.

small_boy

Бұл туралы Қазақстанның Бас прокуратурасы баспасөз қызметі хабарлайды.

Прокурорлар ОҚО-ның Қаратау ауданында туыстарынының үйінде тұрып жатқан кәмілетке толмаған қызды анықтады. Ол өгей ата-анасынан қорыққандықтан, үйіне барғысы келмейді екен.

Ол кәмілеттік жасқа толмағандарды бейімдеу орталығына жіберілді.

Сондай-ақ, қызметкерлер Алматыда тұрмысы төмен болғандықтан мектепке бара алмаған 7 мен 8 жасар баланы анықтады.

Аталған іс бойынша балаларды Алматы қаласындағы №151 жалпы білім беретін мектепке орналастыру жөнінде шаралар қабылданды.

Талқылау