Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда екі бала танымал супермаркеттен сатып алынған қарбызды жеп уланып қалды

Алматыда 7 және 10 жастағы бала қарбыз жеп уланды. Ата-анасы қарбызды «Магнум» супермаркетінен сатып алған.

Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің жетекшісі Айзат Молдағасимованың айтуынша, 10 тамызда Алматыда «Көк базар», «Тастақ», «Жаңа Ақбұлақ», «Кенжехан» базарларында нитраты көп қарбыздардың бар анықталды.

«Қазір бау-бақша жемістерінің маусымы. Одан бөле сүтті коктейль, балмұздақ сатылады.

«19 % қарбыз бен 18,7% қауыннан нитраттар табылды. Барлық құйылмалы балмұздақ пен квастың 100% ластанғанын анықтадық», – дейді Айзат Молдағасимова өңірлік коммуникация брифингінде.

Айтуынша, қауын-қарбыз сатып алғанда, оның қайда сатылып жатқанына мән беру керек. Кесілген қарбызды алмау керек. Сатушы коктейльді бір реттік ыдыспен беруі керек. Сапасы жөніндегі сертификатты сұраңыз. Оларды құжат болуы тиіс.

Қарбыздың қай бөлігі денсаулыққа зиянды екенін біле жүріңіз.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау