Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда екі автобустың соқтығысы салдарынан 7 адам зардап шекті

Бүгін Алматыда екі автобустың соқтығысы салдарынан 7 адам зардап шекті, деп хабарлайды Қазақпарат.

skoraya_svit

Алматы қалалық ішкі істер департаментінің хабарлағанындай, жол апаты «Дорожник» шағын ауданында болған. 47-ші бағыттағы автобус 281-ші бағыттағы автобусқа барып соғылған. Соның салдарынан жеті адам әр түрлі дәрежеде жарақат алды. Олар ауруханаға жатқызылды.

Қазір, оқиғаның орын алу себебі анықталу үстінде.

Талқылау