Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда екі автобус соқтығысып қалып, жолаушылар ауруханаға түсті (видео)

Алматы қаласында Абай және Достық көшелерінің қиылысында екі жолаушылар автобусы соқтығысып қалды. Қаланың қақ ортасында орын алған жол-көлік апатынан 20-ға жуық адам зардап шегіп, медициналық көмек алды.

Алматыда екі автобус соқтығысып қалып, жолаушылар ауруханаға түсті

Бұл туралы Sputnik Қазақстан-ға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Оқиға 22 шілде күні таңертең Абай және Достық көшелерінің қиылысында болды. Жол апатынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін оқиға орнында он жедел жәрдем бригадасы қызмет көрсеткен.

Қалалық клиникаларға әртүрлі жарақаттармен 18 науқас дәрігерге жүгінген. Оларға қажетті медициналық көмек көрсетіліп, зерттеу жүргізілді. Нәтижесінде көлік апатынан зардап кеккен төрт адам ауруханаға жатқызылды.

Сондай-ақ, медициналық көмек алғандардың арасында үш бала болды. Алайда, олардың ата-аналары балаларын ауруханаға жатқызудан бас тартты, сондықтан олар тұрғылықты жеріндегі амбулаториялық бақылауға жіберілді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау