Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда екі апта ішінде бір жарым айлық жауын жауды

Шелектеп құйған нөсер жаңбырдың салдарынан қаланың жоғарғы және орталық бөлігінде автокөлік қозғалысы қиындады. Бұрыннан бар арық жүйесі де үлкен көлемдегі су ағынына қарсы тұра алмады.

11805770

КЧС МВД РК

2 мамырдан 17 мамырға дейінгі аралықта Алматыда жауған жауын-шашын мөлшері рекордтық межеге  — 149 миллиметрге жетті, жыл сайынғы әдеттегі норма 106 миллиметрден аспаушы еді деп хабарлайды “Қазгидромет” РМК алматылық филиалына сілтеме жасап Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.

“Синоптиктердің бірнеше ескерту жасауына байланысты, қаланың шұғыл қызметтерінің жақындап келе жатқан табиғаттың тосын мінезіне сақадай-сай даярланғанына қарамастан, бұл стихиялық апат мегаполисте күрделі жағдай туындатып, әбігерге салды. Шелектеп құйған нөсер жаңбырдың салдарынан қаланың жоғарғы және орталық бөлігінде автокөлік қозғалысы қиындады. Бұрыннан бар арық жүйесі де үлкен көлемдегі су ағынына қарсы тұра алмады”, – делінген хабарламада.

Күрделі ауа райы жағдайы Алматының төменгі бөлігіндегі жағдайды қиындатып жіберді. “Қалалық ТЖД мәліметтері бойынша, екі апта ішінде аула аумақтары мен ішінара тұрғын үйлерді су басып қалды. Әсіресе Алатау ауданында су басуының 87 оқиғасы, Наурызбай ауданында — 17, Жетісу ауданында — 15, Медеу ауданында — бес және Түркісіб ауданында үш оқиғасы орын алды. Барлығы 18 жеке үйді және 109 аула аумақтарын су басты”,-деп көрсетілген хабарламада.

Ауа райы тудырған күрделі жағдайға байланысты қаланың шұғыл қызметтері күшейтілген жұмыс режиміне көшті, апат салдарын жою жұмыстары жалғасуда. 109 құтқару қызметі “Алғабас”, “Шаңырақ” және “Өжет” шағын аудандарындағы су басқан аулалардан су сорғызуды бірде-бір минут тоқтатқан жоқ.

Төтенше жағдайларды жоюға 180-ге тарта адам, 109 қызметі, Алматы ТЖД, аудандық әкімдіктер қызметі, сондай-ақ 53 бірлік техника, соның ішінде ауыр инженерлік құралдар мен 15 помпа жұмылдырылды.Қаланың «109» және «112» қызметтеріне жолдарға, жаяусоқпақтарға, автомобильдерге және үйлерге ағаштардың құлауына байланысты шақырулар одан әрі түсіп жатыр.

“Құтқарушылар алматылықтар мен қала қонақтарына көшеде абай болуға және апаттан сынған ағаштар маңында болмауға кеңес береді.Сонымен бірге, су толған арықтарға жақындамауды ескертеді, жүргіншілердің арықтарға түсіп кету оқиғалары тіркелген”,-деп көрсетілген хабарламада.

Жіберіп алмаңыз:

Қазақстанның бірқатар аймақтарында қар аралас жаңбыр күтілуде

Талқылау