Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда дүниеге келген үшемнің біреуі дәрігерлердің кесірінен шетінеп кетті

Алматы облысында бір аптаның ішінде бір ауруханада екі бірдей сәбидің шетінеуіне байланысты кінәлілер жауап береді. Қазір аталған жағдайға орай арнайы тәуелсіз сараптама жүргізіліп жатыр. Осы келеңсіз жайтқа байланысты бүгін облыс басшысы Амандық Баталов шұғыл түрде жиын өткізді.

Bezymyannyy-61

Бұл туралы 31 арна хабарлады.

Шұғыл түрде өткен жиынның басты мәселесі Қарасай аудандық ауруханасындағы болған жағдай. Аталған ауруханада бір аптаның ішінде екі бірдей сәби шетінеп кетті. Бұл келеңсіз жайт облыс басшысы Амандық Баталовтың әбден ашуын туғызды. “Мінбеге шығып, ауыз толтырып сөйлегенді жақсы көресіңдер” деп әріптестерін сынға алған облыс басшысы өңірдегі денсаулық саласындағы келеңсіздіктерді жауаптылардың бетіне басты.

«Маған біреу айтты. Амандық Ғаббасұлы ана үш баланың біреуі ғой. Бұл не деген тасжүректік? Демек біз денсаулық сақтау саласында дұрыс бағытты ұстанып отырған жоқпыз. Саған бір емес бірнеше рет айттым. Тым асыра сөйлейсің. Орынбасарың екеуіңе бес рет айттым», – дейді Алматы облысының әкімі Амандық Баталов.

Осылайша  облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдувалиев пен осы салаға тікелей жауапты адамдар жұмысына Амандық Баталов бағасын берді.

Ал сынға ұшырап отырған Қарасай аудандық ауруханасының бас дәрігері Сәуле Сауранбаева үшемнің анасы бұған дейін жеті баланы дүниеге әкелгендігін және олардың арасы 1,5 жылдан екендігін айтты. Демек 35 жастағы ананың денсаулығы да толықтай қалпына келмеген деген ойын білдірді. Бірақ тиісті дәрежеде бақылау болмағанын мойындады.

«Иә, мойындаймын. Менің тарапымнан ағаттық кетті. Дұрыс қадағаламадым. Арнайы орын бөлуім керек еді. Осы үшемге медбике қарауы үшін орын бөлуім керек еді. Алайда бұл іс атқарылған жоқ», – дейді Қарасай аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Сәуле Сауранбаева.

«Екі нәрестенің өліміне байланысты міндетті түрде шара қолданады. Бірінші мамандардың зерттеуіне байланысты. Экспертизасы дайын болған кезде, сол кезде толық анықтап,  одан кейін шешім қабылдаймыз», – деді Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдувалиев.

Қарасай аудандық ауруханасындағы сәбилердің өлімі дәрігерлер үшін біраз сабақ болайын деп тұр. Себебі облыс әкімі аталған жағдайды өз бақылауына алды. Енді сараптама дайын болғаннан кейін 10 күннің ішінде жауаптыларға қандай шара қолданылатыны белгілі болады. Сондай -ақ, облыс басшысы 25 желтоқсаннан кейін біраз өзгеріс болатынын да жасырмады. Демек, жұмыс істей алмайтындарға шара қолданылмақ.

Естеріңізде болса, Алматыда 35 жастағы келіншектің дүниеге үшем әкеліп, 10 баланың анасы атанғанын хабарлаған едік.

Жіберіп алмаңыз: 

Үшемді дүниеге әкелген семейлікті күйеуі тастап кетті

АҚШ дәрігерлері 13 айлық сиам егіздерді ажырату операциясын жасады (фото)

Видеодан анасының немересін ұрғанын көргенде атасының жүрек талмасы ұстап қалған

Павлодарда соққыға жығылған сәбидің әкесі қызын өз қамқорлығына алмақшы

Талқылау