Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда досымен кездесуге кетіп жоғалған заңгердің денесі Сайран көлінен табылды

Алматыда 2 күн бұрын суға батып кеткен жігіттің денесі Сайран көлінен табылды. Сүңгуірлер оның мәйітін көлден шығарып алды, деп хабарлайды КТК арнасы.

Нұрлан Тұрлығожа

28 жастағы Нұрлан Тұрлығожаның қандай жағдайда көз жұмғанынын анықтау үшін, сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Естеріңізге сала кетсек, НұрланТұрлығожа 18 маусымда досымен кездесу үшін Сайранға кеткен.

Ол кешкі сағат 17:00 шамасында суға батып кетіпті. Сол жерде болған куәгерлердің сөзінше, ол батып бара жатқан кезде жанында болған достары көмектеспей, қашып кеткен. Ендігі жақындары оның достары қас болып шыққаны ма деп күдіктеніп отыр.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау