Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда диагнозы дұрыс қойылмады деген 3 жасар бала өліміне қатысты іс қозғалды

Алматыда ауруханада көз жұмған 3 жасар балаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ата-анасы баласының өліміне дәрігерлерді кінәлап отыр, деп хабарлайды КТК арнасы.

Наталья Ким 3 жасар баласының өліміне әлі сенбейді. Баласының өліміне дәрігерлерді кінәлаған ана олардың қатаң жазалануын талап етіп отыр. Айтуынша, дәрігерлер жағдайды өзара шешіп, ата-ананы райынан қайтармақ болған.

3 жасар Данат Дәукенов 18 тамыз күні қалалық балалар жұқпалы ауруханасына түседі. Дәрігерлер оның екі қабырғасынын сынғанын айтқан.

Анасының айтуынша, жағдайы нашарлай бергенімен ақ халаттылар оны жансақтау бөліміне жатқызбапты. Желшешек жұтырған Данат өзін нашар сезініп, бір күн өткен соң мерт болды.

“Қорытындыға сәйкес жедел іріңді гепатит, өңеш және бронхтың қабынуы деген диагноздар қойылды. Аталған аурулар желшешек ауруынан асқындаған”, – дейді анасы.

Наталья Ким дәрігерлердің баласының көз жұмған уақытын өзгертіп қойғанын айтады. Ал, шағым айтқанда оны райынан қайтармақ болған.

“Бас дәрігердің екі орынбасары мен тағы екі дәрігер келіп, моральдық, материалдық шығынды өтейміз. Сондықтан арызыңды қайтарып ал деді. Баламның өмірі үшін барынша күрескендерін айтты”, – дейді ол.

Алайда бас дәріге мұны жоқ шығарып отыр.

“Ашумен айтып отырған шығар. Ешкімнің алдына барған емеспіз. Біз мемлекеттік мекеме емеспіз. Сондықтан өтемақы дегенді төлемейміз”, – дейді Алматы қалалық балалар жұқпалы аурулары ауруханасының бас дəрігері Ержан Сералин.

Бұған қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Наталья Ким дәрігерлердің тиісті жазасын алуын қалайды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау