Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда Денис Тенге арналған тақтаның ашылуында баннер қате жазылған

Денис Тенге арналған ескерткіш тақтайшаның салтанатты ашылу рәсімінде орналастырылған баннердегі қателік себебінен компания қызметкері жұмыстан босатылады.

Танымал мәнерлеп сырғанаушының аты жазылған баннерде «Олимпиадалық ойындардың қола жүлдегері (Бронзовый призер Олимпийский игр) сөйлемі қате жазылған, деп жазады Sputnik.

IP-S-Print бас директоры Серік Сыдықбекұлы мәтінде қатенің қалай пайда болғанын түсіндірді.

«Бізге бұл тапсырыс берілді. Файл ұанша рет жіберілді. Ддизайнер – бір ғана адам. Ал, баспа жұмысының қалай екенін білесіз. Файлдың екіншісінде, үшінші адамға жіберген. Баспа басылымға жіберілгенде «техникалық» қателік есебінен қаріпте қате кеткен. Ал, біздің менеджерлеріміз қабылдарда оған мән бермепті. Ол адамды жұмысынан босатып отырмын », – деді Сыдықбекұлы.

Компанияның директоры, ол қателік үшін кешірім сұрағанын айтты.

«Қазіргі сәтте мен барлық қазақстандықтардан кешірім сұраймын, әрине, мұндай қателік болмауы тиіс еді», – деді ол.

Денис Тенаны еске алуға арналған ескерткіш тақтаның ашылу салтанаты бүгін таңертең өткізілді. Ашылу салтанатына жергілікті мәнерлеп сырғанаушы, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев, сондай-ақ аңызға айналған ресейлік жаттықтырушы Татьяна Тарасова қатысты.

Бүгінгі күні Татьяна Тарасованың қатысуымен Денис Тен қоры ашылды – оның кеңсесі «Халық Арена» спорт кешенінде орналасқан.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау