Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда Денис Тенге арналған мемориалдық тақтаның ашылуына Ресейдің әйгілі жаттықтырушысы арнайы келді

Жалындап тұрған 25 жасында қыршыннан қиылған танымал мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің құрметіне Алматыда мемориалдық тақта ашылып, шараға танымал адамдар қатысты. Ресейдің әйгілі жаттықтырушысы Татьяна Тарасованың өзі оңтүстік астанаға арнайы ұшып келген.

Алматыда Денис Тенге арналған мемориалдық тақтаның ашылуына Ресейдің әйгілі жаттықтырушысы арнайы келді

Сурет: Sputnik / Тимур Батыршин

Бұл туралы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Мемориалдық тақтаның ашылуына КСРО еңбек сіңірген жаттықтырушысы, халықаралық дәрежедегі КСРО спорт шебері, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі Татьяна Тарасова, Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева, Денис Теннің ата-анасы мен әріптес-достары, қала тұрғындары келді.

«Бүгін біз Денис Тен туып-өскен үйде мемориалды тақтаны орнатып жатырмыз. Келіп, қолдау білдіріп жатқандарыңыз үшін мың алғыс. Біздің аңыз чемпионның ел есінде сақталып қалуы үшін жұмыс істейтін боламыз. Денис өзін жай ғана мәнерлеп сырғанауға арнаған жоқ, Денис миллиондаған қазақстандықтардың жүрегіне отаны үшін мақтаныш сезімін орната білген жан»,  – дейді Қырықбаев.

Спортшының құрметіне орнатылған мемориалдық тақтаның ашылуына келген Татьяна Тарасова Қазақстанға алғаш рет келіп тұр. Ол Тенмен жақсы таныс болғанын және оған өз ұлындай қарағанын айтты.

Алматыда Денис Тенге арналған мемориалдық тақтаның ашылуына Ресейдің әйгілі жаттықтырушысы арнайы келді

Сурет: Sputnik / Тимур Батыршин

«Денис Қазақстанда тұрғысы келді, Қазақстанның атын шығарғысы келді. Өкінішке қарай Денис осы елде көз жұмды. Ол өз отанын әлемге танытты, Денистің қойылымын тамашалаған миллиондаған көрермен Қазақстанды картадан іздеп, қайда орналасқанын білді. Денис – өз халқы үшін қызмет еткен қазақтың баласы. Денистің ата-анасына қайталанбас тұлғаны тәрбилегені үшін алғысымды білдіремін. Менің көп шәкіртім болды. Денис сол тізімде бірінші орында. Бала күннен бастап өз мамандығын сүйіп, сол жолда ерінбей еңбек етті. Үздіктердің үздігі болды», – дейді Татьяна Тарасова.

Алматыда Денис Тенге арналған мемориалдық тақтаның ашылуына Ресейдің әйгілі жаттықтырушысы арнайы келді

Сурет: Sputnik / Тимур Батыршин

Сонымен қатар ол Денис тәрізді дарында адаммен бірге жұмыс жасаудың өзі бақыт екенін айтты.

«Олимпиада чемпиондарының ішінде Денис секілді  шығармашылықпен айналысқан ешкім жоқ. Денис әңгіме, ертегі, музыка жазды. Қазақ халқы оны ешқашан ұмытпайды деп сенеміз. Біз де оны мәңгі жүрегімізде сақтаймыз», – дейді ресейлік жаттықтырушы.

Алматыда Денис Тенге арналған мемориалдық тақтаның ашылуына Ресейдің әйгілі жаттықтырушысы арнайы келді

Сурет: Sputnik / Тимур Батыршин

Ал халық әртісі Роза Рымбаева Денистің мәңгілік ел есінде қалатынын айтты.

«Денис тазалық пен потриотизмнің символы. Денис  – Тәуелсіздіктің  құрдасы. Денис – біз тәрбиелеп өсірген жастардың бетке ұстары. Жаңадан спортқа келіп жатқан спортшылар Денисті еске алып, құрмет көрсетеді деп сенемін. Денис секілді алдына мақсат қойып,  жетістіктерге жететініне сенемін. Денис мәңгілік есімізде қалсын! Осы жерге жастарымыз келіп гүл қойсын. Әттең, жас кетті, бірақ мәңгілік есімізде қалды», – дейді халық әртісі.

Сондай-ақ, бүгін жас спортшыларға қолдау көрсету мақсатында «Денис Теннің қоры» ашылды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау